Maqsut Narikbayev University-нде студенттермен өзекті құқықтық қатерлерді талқыланды

Maqsut Narikbayev University-нде 3–4 курс студенттерімен Құқық қорғау органдары академиясының, Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шара «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және Академияның кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының жекелеген нормалары түсіндіріліп, есірткі заттарын «жасырын орындар» арқылы тарату, дропперлік, лудомания және вейптерді заңсыз сату сияқты өзекті қауіп-қатерлер талқыланды.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, құқық қорғау органдары қызметінің негізгі бағыттарымен және қызмет өткерудің ерекшеліктерімен танысты. Кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық қорғау саласындағы кәсіби мүмкіндіктер туралы түсінігін кеңейтуге ықпал етті.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz