2026 жылғы 30 қазанда Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Уфа ғылым және технологиялар университетімен бірлесіп магистранттар мен докторанттарға арналған жоғары оқу орындары арасындағы дөңгелек үстел өтті. Іс-шара киберқауіпсіздік саласында OSINT әдістерін қолдану және криптовалюталарды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды тергеу мәселелеріне арналды.
Қатысушылар ашық дереккөздерден ақпарат жинау (OSINT) мүмкіндіктерін, блокчейн-аналитика құралдарын, сондай-ақ криптоактивтерді анықтау және тәркілеу тәсілдерін қарастырды. Кибершабуылдарды тергеу, цифрлық дәлелдемелердің анықтығын бағалау және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел цифрлық криминалистика және криптовалюталарды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды тергеу саласындағы ғылыми тәсілдер мен практикалық тәжірибе алмасу, сондай-ақ екі білім беру ұйымы арасындағы академиялық байланыстарды нығайту алаңына айналды.
Академия мен Уфа университетінің ынтымақтастығы бірлескен ғылыми бастамаларды жүзеге асыруға, білім беру және ғылыми іс-шаралар өткізуге, зерттеу нәтижелерімен алмасуға және кәсіби байланыстарды дамытуға негіз қалайды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz

