Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) сотында цифрландыру жағдайындағы заттық құқық пен меншік құқығын қорғау мәселелеріне арналған көшпелі сабаққа қатысты.
Сабақ «Заттық құқық. Меншік құқығы: иеленудің классикалық тәсілдерінен цифрлық парадигмаға дейінгі мәселелер» тақырыбына арналды. Қатысушылар мүлікті иеленуге қатысты құқықтық тәсілдердің эволюциясын, АХҚО сотының тәжірибесінде жалпы құқық қағидаттарын қолдану ерекшеліктерін және цифрлық активтердің жаңа түрлерін құқықтық реттеу мәселелерін қарастырды.
Бұдан бөлек, магистранттар АХҚО сотының құзыреті мен сот ісін жүргізу ерекшеліктерімен танысты. Сабақтың практикалық форматы теориялық білімді құқық қолдану тәжірибесімен ұштастырып, меншік құқығын қорғаудың заманауи тетіктері туралы түсініктерін тереңдетуге мүмкіндік берді.
