Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Ғылымды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында Ғылыми-техникалық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Кеңес ғылыми зерттеулерді үйлестіруге, олардың сапасын арттыруға және зерттеу нәтижелерін құқық қорғау органдарының практикалық қызметіне енгізуге ықпал етеді.
Отырыс барысында қатысушылар бірқатар ғылыми және әдістемелік әзірлемені қарастырып, бекітуге ұсынды. Олардың қатарында қамауға алынған активтерді басқару жөніндегі монография, жасырылған қылмыстарды анықтау және инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ жаңа мамандандырылған ғылыми бағыттар бар.
Материалдар Академияның ақпараттық-талдамалық платформаларында (www.academy-rep.kz) орналастырылған және құқық қорғау органдарының практикалық қызметінде пайдалануға ұсынылады.

