Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Республика күні мен прокуратура органдарының 35 жылдығына орай қызметкерлер мен жұмыскерлер арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және цифрлық технология институты мен Академияның дербес құрылымдық бөлімшелерінің командасы иеленді. Екінші орын Кәсіби оқыту институтының командасына, үшінші орын Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының командасына бұйырды.
Сондай-ақ жеке номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды: үздік ойыншы – Жасұлан Есімхан, үздік шабуылшы – Азамат Нұғманов, үздік қорғаушы – Эльмир Күлкеев, үздік қақпашы – Бақжан Байкелдиев.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Мұндай спорттық іс-шаралар Академия ұжымында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және командалық рухты нығайтуға ықпал етеді.



