Академия профессорлары халықаралық конференцияда баяндама жасады

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессорлары мен докторанттары адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заманауи тәсілдеріне арналған «Адамға бағдарлану – Қазақстандағы конституциялық реформаның басым бағыты» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен Әділет министрлігінің өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, халықаралық ұйымдардың, заң және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген шетелдік сарапшылар қатысты.

Академия профессоры Виталий Хан «Жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдіктерін күшейту» тақырыбында баяндама жасады. Ол ұсталған адамдардың құқықтарына, соның ішінде үнсіз қалу және қорғаушының көмегін пайдалану құқықтарына ерекше назар аударды.

Академия профессоры Жанар Сейтаева адам саудасына қарсы іс-қимылдағы адамға бағдарланған тәсіл туралы баяндама ұсынды. Ол зардап шеккендерді кешенді қорғаудың, олардың қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етудің, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және заң көмегінің қолжетімділігін арттырудың маңызын атап өтті.

Конференцияға қатысу Академия өкілдеріне конституциялық реформа жағдайында адам құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдіруге қатысты ғылыми және практикалық тәсілдермен алмасуға мүмкіндік берді.