Академияда ғылыми қызметті ұйымдастыру және ЖИ қолдану мәселелері талқыланды

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Ғылыми даму мектебі аясында ғылыми қызметті ұйымдастыру және жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды. Іс-шараға профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Академияның ғылыми қызметті ұйымдастыру регламентінде зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері, оның ішінде зерттеу мәселесін айқындау, жоспарлау, нәтижелерді енгізу және олардың практикалық маңызын бағалау тәртібі көзделген.

Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты әзірлеген ЖИ-агентіне ерекше назар аударылды. Практикалық мысалдар арқылы оның құқықтық дереккөздерді, сот практикасы мен ғылыми жарияланымдарды іздеу және талдау мүмкіндіктері көрсетілді.

Сабақ қатысушыларға ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін тереңірек түсінуге және ғылыми жұмыста жасанды интеллектіні тиімді қолдану жолдарын меңгеруге мүмкіндік берді. Академия қызметкерлері мен білім алушыларының ғылыми әлеуетін дамыту жұмыстарын жалғастыруда.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz