Академияда докторлық диссертациялар қорғалды

Құқық қорғау органдары академиясында «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша докторлық диссертациялар қорғалды.

Саида Жұмакадр 8D04201 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы аясында «Қымбат металдар мен асыл тастарды, құрамында қымбат металдар бар шикізат тауарларын заңсыз айналымға байланысты қылмыстарды тергеп-тексерудің теориялық және практикалық негіздері» тақырыбындағы зерттеуін ұсынды.

Жаслан Смағұлов 8D12301 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша «Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері» тақырыбындағы диссертациясын қорғады.

Зерттеу жұмыстары диссертациялық кеңес мүшелері мен ресми рецензенттердің бағалауынан өтті. Диссертацияларды қарауға ғылыми консультанттар мен тиісті ғылыми бағыттар бойынша мамандар да қатысты.

Қорғау қорытындысы бойынша Саида Жұмакадр мен Жаслан Смағұловқа философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Академия ізденушілерді диссертацияларын сәтті қорғауларымен құттықтап, алдағы ғылыми ізденістеріне табыс тілейді.