«ProLab»-та инвесторлардың құқықтарын қорғаудың жаңа әдістемесі таныстырылды

Астана қаласы прокуратурасының өңірлік «ProLab» зертханасында инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілдері таныстырылды.

Құқық қорғау органдары академиясы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, инвесторлардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірледі.

Құжат прокурорлық қадағалау мен инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеудің бірыңғай тәсілдерін, оның ішінде «прокурорлық сүзгі», цифрлық мониторинг, дауларды сотқа дейін реттеу, жеке прокурорларды бекіту және инвестициядан кейінгі сүйемелдеу тетіктерін қамтиды.

Инвесторлардың қызметіне заңсыз араласудың алдын алуға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында ұсынымдарды қолдану, құқық қолдану практикасындағы проблемалық мәселелер және оларды «ProLab» базасында алдын ала сынақтан өткізу мүмкіндігі талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Әдістемені жетілдіру бойынша жұмыстың одан арғы бағыттары айқындалды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz