Академияда базалық цифрлық криминалистика бойынша курс өтті

Цифрлық іздерді қылмыстық процесте пайдалану үшін оларды қалай дұрыс анықтау, тіркеу және сақтау керектігін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің киберпрокурорлары мен кибертергеушілері Академияда өткен «Базалық цифрлық криминалистика» біліктілікті арттыру курсында зерделеді.

2026 жылғы 21–25 қыркүйек аралығында өткен оқу цифрлық объектілермен, тасымалдағыштармен және деректермен жұмыс істеудің, оның ішінде оларды тіркеу, алу, сақтау және құжаттандырудың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды.

Курс Академия әзірлеген цифрлық компоненті бар қылмыстарды тергеп-тексеру бойынша кадрларды көпдеңгейлі даярлау моделі шеңберінде ұйымдастырылды. Модель құқық қорғау органдары қызметкерлерінің цифрлық криминалистика саласындағы кәсіби құзыреттерін кезең-кезеңімен қалыптастыруды көздейді.

Сабақ барысында тыңдаушылар цифрлық криминалистиканың пәні мен міндеттерін, цифрлық объектілердің ерекшеліктерін, сондай-ақ цифрлық компоненті бар оқиға орнын тексеру тәртібін зерделеді. Цифрлық дәлелдемелердің жарамдылығының құқықтық мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Алынған дағдылар прокурорлар мен тергеушілерге қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде цифрлық дәлелдемелерді анықтау, тіркеу, алу және сақтаудың заманауи тәсілдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz