Maqsut Narikbayev University-де прокуратураның заңдылықты қамтамасыз етудегі рөлі және «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру мәселелері талқыланды. Кездесу 4-курс студенттерімен ашық диалог форматында өтті.
Студенттерге прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары, оның ішінде қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және заң бұзушылықтардың алдын алу туралы айтылды.
Прокурор жұмысының практикалық қырларына және болашақ заңгерлерге қойылатын кәсіби талаптарға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында студенттер құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

