Прокуратура органдарының жұмысы қалай ұйымдастырылған және құқық қорғау саласында кәсіби жолды бастау үшін не қажет – бұл туралы Maqsut Narikbayev University 4-курс студенттері Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері өткізген бинарлық дәрісте білді.
Студенттерге прокуратура органдарының жүйесі, оның негізгі міндеттері мен өкілеттіктері, заңдылықты қамтамасыз етудегі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі туралы айтылды.
Сондай-ақ Академияны, оның білім беру бағдарламалары мен кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру мүмкіндіктері бөлек таныстырылды. Арнайы бастапқы даярлық курстарына түсу тәртібі, кандидаттарға қойылатын талаптар және курсты өту ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу аясында Академияның қызметкерлері инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізілген ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерімен бөлісіп, атқарылған жұмыстың негізгі тұжырымдары мен практикалық аспектілерін атап өтті.
Бинарлық дәріс форматы теориялық ақпаратты тікелей диалогпен ұштастыруға мүмкіндік берді. Студенттер оқуға түсу, дайындық және одан кейінгі құқық қорғау органдарындағы жұмыс туралы сұрақтарын қойды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
