Академияның магистранттары АХҚО сотының тәжірибесін зерттеді

Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары үшін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының сотында көшпелі сабақ өткізілді.

Кездесу барысында азаматтық-құқықтық дауларды шешу кезінде адалдық, парасаттылық және әділеттілік бағалау санаттарын анықтау және қолдану ерекшеліктері қаралды.

Сабақ «Азаматтық және азаматтық процестік заңнаманы қолдану теориясы мен тәжірибесі» пәні шеңберінде өтті. Магистранттар бағалау санаттарының құқықтық сипаты мен маңыздылығын, оларды түсіндіру ерекшеліктерін, сондай-ақ жалпы құқықтың қағидаттары мен нормаларына негізделген АХҚО Сотының тәсілдерін зерттеді.

Сонымен қатар олар Соттың қызметімен, оның құзыретімен және сот ісін жүргізу ерекшеліктерімен танысты.

Көшпелі формат теориялық ережелерді практикамен салыстыруға және азаматтық-құқықтық дауларды шешудің заманауи тетіктері туралы білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.