Кибербуллингті қалай анықтауға болады? Вейп қолдану мен құмар ойындардың қандай салдары бар? Өз құқықтары мен міндеттерін білудің маңызы неде? Осы және басқа да сұрақтарға Қосшы қаласындағы «Дара» мектебінің жоғары сынып оқушыларына Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары жауап берді.
Кездесу «Құқықтық көмек» жобасы аясында және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өтті. Магистранттар 9–11 сынып оқушыларымен жасөспірімдер үшін өзекті құқықтық мәселелерді талқылады.
Кездесудің жекелеген бөлімдері нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, буллинг пен кибербуллинг, цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық мәселелеріне арналды. Сондай-ақ оқушыларға кәмелетке толмағандардың вейп қолдануына байланысты құқықтық салдар, балалардың түнгі уақытта көшеде жүруіне қатысты заңнама талаптары және Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері түсіндірілді.
Әңгіме ашық диалог форматында өтті. Магистранттар оқушылармен бірге нақты өмірлік жағдайларды талдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, практикалық ұсынымдар берді.
Академия магистранттары үшін жобаға қатысу кәсіби білімдерін тәжірибеде қолдануға және жастар аудиториясымен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Ал оқушылар үшін кездесу күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелер бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік болды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
