Заңнамадан практикаға: прокурорлар қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау дағдыларын жетілдіруде

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында прокурорлардың біліктілігін арттыруға арналған «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері және қылмыстық заңнаманың жаңалықтарын қолдану. Айыптау актісін жасау дағдыларын жетілдіру» тақырыбындағы бес күндік курс басталды.

Оқыту қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын аудан прокурорларының орынбасарларына арналған. Курс аясында қылмыстық заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері мен прокурорлық қадағалауды жетілдіру, сондай-ақ сот практикасын ескере отырып, қылмыстардың саралануын өзгертуге қатысты проблемалық аспектілер қарастырылады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде заңдылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға ерекше назар аударылады. Қатысушылар Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларының ережелерін, процестік қателерді анықтау мәселелерін және дәлелдемелерді бағалаудың қылмыстық құқық бұзушылықтарды дұрыс саралауға ықпалын қарастырады.

Курстың практикалық бөлігі Бас прокуратура мен Академияның тәжірибелі қызметкерлерімен бірлесіп өткізіледі.

Алынған білім мен практикалық дағдылар негізделген процестік шешімдер қабылдау және прокурорлық қадағалаудың сапасын арттыру

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz