2026 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қызметкерлерге жасанды интеллект технологияларына негізделген көпфункционалды «QAZGRAMMA» бағдарламалық кешенінің мүмкіндіктері таныстырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Біз жасанды интеллектіні қазақ тілінде ойлауға, талдауға және сөйлесуге үйреттік. Ол қазақ тілін цифрлық ортада дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады».
Мемлекеттік тілді одан әрі дамыту және оның цифрлық ортада қолданылу аясын кеңейту мақсатында Академия «Ұлттық ғылыми-практикалық «Тіл-Қазына» орталығы» КЕАҚ-мен бірлесіп, жасанды интеллект негізіндегі заманауи цифрлық құралдарды кәсіби қызметке енгізу жобасын іске асыруға кірісті.
«QAZGRAMMA» мемлекеттік тілдегі мәтіндерді тексеруге, редакциялауға және стилистикалық тұрғыдан түзетуге мүмкіндік береді. Бағдарламалық кешен қызметтік, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарда пайдалануға арналған және дайындалатын материалдардың сапасын арттыруға, сондай-ақ оларды редакциялық-стилистикалық өңдеудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Таныстырылым барысында «Тіл-Қазына» орталығының мамандары Академия қызметкерлеріне бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері мен оны пайдалану тәртібін таныстырып, негізгі құралдарын көрсетті және сұрақтарға жауап берді.
«QAZGRAMMA»-ны пайдалану Академия қызметінде заманауи тілдік технологияларды қолдану тәжірибесін кеңейтіп, мемлекеттік тілдің цифрлық және кәсіби ортада одан әрі дамуына ықпал етеді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


