ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D12301 «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Ерлан Қайратұлы Мынжановтың «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру саласындағы қылмыстарды тергеп-тексерудің теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалған.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Диссертациялық кеңестің құрамы:https://academy-gp.kz/?page_id=74&lang=ru

Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері: жоқ.

Ғылыми консультанттар:

— Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев;

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.Ш. Жемпиисов.

Ресми рецензенттер диссертацияны қорғауға қабылдағаннан бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалады.

Қорғау 2026 жылғы 16 қазанда сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94-құрылыс.

Сайт: http://academy-gp.kz/

Қорғауға бейнеконференция нысаны арқылы қосылу: https://us04web.zoom.us/j/77929437771?pwd=Pw4s9sC7QgJa5pbig3DqHBA3wayNbB.1

Құжаттар