Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура қызметкерлері мен Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеушілеріне арналған «Киберқылмыстарды цифрлық тергеу» біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курстың ерекшелігі — ҚММ агенттігінің тергеушілері алғаш рет цифрлық даярлықтың орта деңгейлі бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Ал прокуратура қызметкерлері үшін бұл курс бұған дейінгі базалық даярлықтың жалғасы болды.
Оқу барысында тыңдаушылар цифрлық іздерді анықтау және талдау, ашық дереккөздермен және цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіріп, киберқылмыстарды тергеу алгоритмдерін пысықтады.
Практикалық сабақтар аясында нақты жағдайларға барынша жақындатылған оқу кейстері талданып, цифрлық деректерді зерделеу және тергеудің жекелеген кезеңдерін тәжірибеде қолдану жұмыстары жүргізілді.
Курсты өткізу Академияның цифрлық даярлау жүйесін дамытудағы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы кәсіби даярлығын кеңейтудегі кезекті қадам болды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


