Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығын қорғау саласында біліктілікті арттыру

2026 жылғы 24-28 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура органдарының қызметкерлеріне арналған «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстық істер бойынша қадағалауды жүзеге асыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс бағдарламасы кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстық істерді тергеу және қадағалау саласындағы прокурорлардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Оқу барысында қылмыстарды құқықтық саралау, дәлелдемелерді жинау және бағалау, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, сараптамалар тағайындау, кәмелетке толмағандардың процестік құқықтарын сақтау және қайталама виктимизацияның алдын алу мәселелері қарастырылды.

Сабақтарға Академияның профессорлық-оқытушылар құрамымен қатар, Сот сараптамалары орталығының сарапшылары, психологтар, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы және Бас прокуратура өкілдері қатысты. Тыңдаушылар өзекті құқық қолдану және сот практикасын зерделеді.

Курстың практикалық бөлігіне ерекше көңіл бөлінді. Тыңдаушылар оқиға болған жерді қарау, сараптамалар тағайындау кезінде сұрақтар әзірлеу, күдікті мен жәбірленушіден жауап алу, оның ішінде айғақтарды депонирлеу кезінде жүргізілетін жекелеген тергеу әрекеттерін орындау дағдыларын жетілдірді.

Курс қорытындысы бойынша тыңдаушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және оларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласындағы кәсіби құзыреттерін арттырғанын растайтын сертификаттар табысталады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz