Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ведомстволық білім беруді, ғылыми әлеуетті және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық бастамаларын қолдады.
Одан әрі өзара іс-қимыл мәселелері Министрдің Академия ректоры Нұрғалым Әбдіровпен жұмыс кездесуінде талқыланды.
Кездесудің негізгі назарында Академияны ұлттық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялау және құқық қорғау органдарына кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру мәселелері болды.
Бакалавриат бағдарламаларын енгізу, академиялық ұтқырлықты кеңейту, қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ филиал мен зерттеу университетін құру перспективалары қаралды.
Академияның QAIRU Ұлттық жасанды интеллект зерттеу университетімен ынтымақтастығына ерекше назар аударылады. Құқық қорғау қызметінде жасанды интеллект технологияларын қолдану саласында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және мамандар даярлау жоспарлануда.
Кездесудің маңызды бөлігі Академияның ғылыми әлеуетін дамыту мәселелеріне арналды. Саясат Нұрбек 2027–2029 жылдарға арналған бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберінде іске асыру жоспарланған ғылыми-зерттеу тақырыптарының тізбесіне енгізілген ғылыми-техникалық тапсырмаларды қолдады.
Сонымен қатар Академияның құқық қорғау саласына бағытталған ғылыми жобаларды бағалауға және оларды практикалық тұрғыдан сынақтан өткізуге қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, киберқауіпсіздік және жасанды интеллектті қолдану саласындағы жобаларға басымдық берілмек.
Кездесу қорытындысы мен негізгі бағыттар бойынша одан әрі өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. Министрліктің қолдауы Академияның стратегиялық жобаларын іске асыруға, оның білім беру және ғылыми әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді.
Аталған бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс ведомстволық білім берудің сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулерді дамытуға және құқық қорғау жүйесі үшін кадрлар даярлау үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


