«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС (ҚАБК) алаңында заңнаманы жетілдіру және ҚАБК-ға тыйым салынған мүлікті басқару функциясын беру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға Бас прокуратураның, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Жоғарғы Соттың, ҰҚК, ҚМА, ІІМ, Әділет министрлігінің, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, сондай-ақ ҚАБК өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне ұсынылып отырған түзетулер, сондай-ақ тыйым салынған мүлік түрлерін, комиссиялық сыйақы мөлшері мен оны төлеу тәртібін айқындайтын Қағидалар талқыланды.
Бұған дейін Академия «Қазақстан Республикасында тыйым салынған және тәркіленген активтерді басқару: жай-күйі мен перспективалары» тақырыбында қолданбалы зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижелері 2026 жылғы 15 маусымда ҚАБК қызметіне енгізілді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
