2026 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсушілер үшін мамандық бойынша түсу емтиханы өткізіледі.
Магистратураға түсушілер үшін: өткізу уақыты –сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.
Докторантураға түсушілер үшін: өткізу уақыты –сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін.
Өткізу орны: «Open Academy» цифрлық жүйесі
talapker.prokuror.gov.kz
Түсу емтиханы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 85 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсу емтиханын өткізу регламентіне сәйкес өткізіледі (https://share.google/g0CbKcWeMGyvY8LHH).
Кандидаттардан Регламентпен алдын ала танысып, емтиханды белгіленген уақытта тапсыруға дайын болуды сұраймыз.