ІІМ Басқару академиясында цифрлық активтер мәселелері бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ІІМ Басқару академиясының базасында ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған цифрлық активтермен байланысты операцияларды анықтау мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.

Оқыту барысында қатысушылар блокчейн технологиясының негіздерін, криптоәмияндар мен криптоайырбастау платформаларының жұмыс істеу қағидаттарын, сондай-ақ криптовалюта транзакцияларын бақылаудың заманауи тәсілдерін меңгерді. Интернет-алаяқтыққа, қаржылық пирамидаларға, есірткінің заңсыз айналымына, терроризмді қаржыландыруға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге байланысты қылмыстарды анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинардың практикалық бөлімінде цифрлық активтерді анықтау, қадағалау, бұғаттау және оларға тыйым салу тетіктері қарастырылды. Сарапшы ретінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері мен Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Семинар Қазақстан Республикасы Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде ұйымдастырылды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz