Құқық қорғау органдары академиясы Прокуратура органдарының ардагерлер күнін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Прокуратура органдарының ардагерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шараға прокуратура органдарының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері және Академия ұжымы қатысты.

Академия басшылығы ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, көп жылғы мінсіз қызметі, жоғары кәсібилігі және заңдылықты нығайтуға, прокуратура органдарын дамытуға және прокурорлық қызметтің үздік дәстүрлерін сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Салтанатты рәсім барысында ардагерлерге көп жылғы адал еңбегі және прокуратура органдары мен Академияның дамуына қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Іс-шара Академия ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Прокуратура органдарының ардагерлер күнін өткізу прокурор қызметкерлерінің аға буынының өкілдеріне, олардың мемлекет пен қоғам алдындағы сіңірген еңбектеріне, сондай-ақ прокурорлық қызметтің үздік дәстүрлерінің сабақтастығына құрмет көрсетудің дәлелі болды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz