Профайлинг қауіптердің алдын алу құралы ретінде: Академияда мамандандырылған тренинг өтті

2026 жылғы 8-9 шілде күндері Құқық қорғау органдары академиясында Астана қаласы прокуратура органдарының қызметкерлеріне арналған профайлинг негіздері бойынша тренинг өтті.

Оқу бағдарламасы мінез-құлықты талдау әдістерін қолдану арқылы ықтимал қауіпті мінез-құлық белгілерін анықтау және болуы мүмкін қауіптердің алдын алуға бағытталған базалық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруды көздеді.

Тренинг барысында қатысушылар осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету кезінде профайлингті қолдану мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар құқыққа қайшы әрекеттерге дайындықты білдіретін мінез-құлық индикаторларын зерделеп, алынған білімдерін практикалық кейстер арқылы пысықтады. Сондай-ақ мінез-құлықты талдау жүргізу барысында жиі кездесетін қателіктерге ерекше назар аударылды.

Аталған тренинг осы бағыттағы мамандарды даярлаудың алғашқы кезеңі болды. Алдағы уақытта оқыту бағдарламасын отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен кеңейту, сондай-ақ прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелері қызметкерлерін қамту жоспарланып отыр.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz