Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Құқық қорғау органдары академиясының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылы: мерзімді басылымдар арқылы құқықтық білімді насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының және азаматтық сектордың өкілдері қатысты. Қатысушылар құқықтық білімді кеңінен насихаттау және әріптестік өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.
Академия проректоры Руслан Әлкенев Академияның ғылыми журналдары кәсіби диалогты дамытуға, тәжірибе алмасуға және азаматтық қоғаммен ынтымақтастықты нығайтуға арналған тиімді алаң екенін атап өтті.
Сондай-ақ қатысушыларға кәсіпкерлерге арналған құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқықтық тәуекелдердің алдын алуға бағытталған қысқа мерзімді білім беру курстары таныстырылды.
Мұндай кездесулер «Заң және Тәртіп» қағидатын және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға ықпал етіп, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтатыны атап өтілді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірледі.




