2026 жылғы 22–26 маусым аралығында ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Стратегиялық коммуникациялар және прокуратура органдарының имиджі: бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл және цифрлық ортада қоғамдық пікірді басқару» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.
Оқу бағдарламасы прокуратура органдарына деген қоғамдық сенімді нығайту, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен тиімді өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмысының сапасын арттыру дағдыларын дамытуға бағытталды.
Курс аясында стратегиялық коммуникациялар, әлеуметтік желілердегі жұмыс, жасанды интеллект технологияларын пайдалану, медиаконтент дайындау және мемлекеттік органдарды цифрлық кеңістікте тиімді таныту мәселелері қарастырылды.
Практикалық сабақтар барысында қатысушылар пресс-релиздер әзірлеу, сұхбаттар мен брифингтер өткізу, беделді басқару, ақпараттық тәуекелдерге ден қою және дағдарыстық коммуникацияларды ұйымдастыру бағыттары бойынша білімдерін жетілдірді.
Оқыту тренингтер, кейс-сессиялар және құқық қорғау органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесінен алынған нақты жағдайларды талқылауға арналған топтық пікірталастар форматында өтті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz





