Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары ТМД елдерінің курсанттары мен тыңдаушылары арасында өткен халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында І орынға ие болды.
«Құқық қорғау қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы байқау ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Академия атынан байқауға А. Төлеуовтың ғылыми жетекшілігімен тыңдаушылар Ш. Маратов пен Р. Джорданидзе қатысты. Олардың зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасында криптовалюталар мен виртуалды активтерді пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды тергеп-тексеру әдістемесін жетілдіруге арналды.
Ғылыми жұмыс халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, зерттеу тақырыбының өзектілігі мен авторлардың ғылыми даярлығының жоғары деңгейін көрсетті.
Байқау нәтижесі Академиядағы кадрлар даярлау сапасының жоғары деңгейін және тыңдаушылардың құқық қорғау қызметі саласындағы заманауи міндеттерді шешуге дайын екенін айғақтайды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
