Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырған «GovHR: PEOPLE. PROSPECT. PUBLIC VALUE in the age of digitalization and artificial intelligence» халықаралық форумына қатысты.
Форум барысында цифрландыру және жасанды интеллекттің дамуы жағдайындағы мемлекеттік басқаруды трансформациялау мәселелері, сондай-ақ адами капиталдың рөлі мен мемлекеттік қызмет құндылықтары талқыланды.
«Integrity – culture of integrity» секциясына қатысу адалдық мәдениетін қалыптастырудың, мүдделер қақтығысының алдын алудың және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтудың өзекті мәселелерін қарастыруға мүмкіндік берді.
Академия ғалымдарының форумға қатысуы халықаралық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ кадрлық әлеует пен мемлекеттік қызметтің этикалық стандарттарын одан әрі дамытуға бағытталған тәсілдерді қалыптастыруға ықпал етті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
