Инвесторларды заңсыз әрекеттерден қорғау: Академияда жүйелі реформалар пакеті ұсынылды

Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің алаңында төрағаның м.а. Арман Аманжолұлы Хасеновтың төрағалығымен мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске заңсыз қысымға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің, Құқық қорғау органдары академиясының, «KAZAKH INVEST ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП және «Dreamlab Technologies Ltd» ЖШС өкілдері салықтық ынталандырудың ескірген құралдарынан капиталды қорғаудың жүйелі және тұрақты кепілдіктерін қалыптастыруға және инвестициялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көшу мәселелерін талқылауға қатысты.

Іс-шара шеңберінде нысаналы қолдау шараларынан капиталды қорғаудың тұрақты құқықтық кепілдіктерін қалыптастыруға көшу тәсілдері қаралды.

Жүргізілген ведомствоаралық талдау қорытындысы бойынша Академия сарапшылары үш тұжырымдамалық ұсыныстар пакетін ұсынды:

Бірінші пакет әкімшілік заңнаманы жетілдіруге бағытталған және санкцияларды қолдану кезінде компаниялардың қаржылық жағдайын ескеруді, сондай-ақ инвестициялық қызметке негізсіз араласқаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Екінші пакет бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының ашықтығын арттыру үшін талдамалық модулі бар ұлттық инвестициялық платформаны дамыту арқылы қадағалаудың цифрлық құралдарын енгізуді көздейді.

Үшінші пакет бейінді Комитет жанындағы инвестициялық дауларды сотқа дейін реттеудің тұрақты жұмыс істейтін тетігін құруға қатысты.

Ұсынылған шаралар инвесторлар үшін неғұрлым болжамды, ашық және қауіпсіз құқықтық ортаны қалыптастыруға және салынған капиталды қорғауға бағытталған.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz