Академия жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жалғастыруда

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 1-курс магистранттары «Құқықтық көмек» акциясы мен «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қосшы қаласындағы №2 орта мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігі мәселелері, оның ішінде буллинг пен кибербуллинг, есірткі құралдарын тарату және пайдалану, жастарды дропперлікке тарту, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары талқыланды. Оқушыларға құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық салдары, өз құқықтарын қорғау тәсілдері және көмекке жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Кәмелетке толмағандардың жауапкершілік деңгейін арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңға құрметпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, практикалық ұсынымдармен танысты.

Өткізілген іс-шара жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz