Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныңжанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты жастар арасында есірткіге тәуелділіктің таралуының алдын алуға арналған зерттеуді аяқтады.
Зерттеу есірткіге тәуелділіктің қалыптасуына ықпал ететін факторларды анықтауға, қолданыстағы профилактика жүйесінің тиімділігін бағалауға және оның алдын алудың ғылыми негізделген тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік берді. Есірткіге тәуелділік жақын ортаның ықпалы, есірткі заттарының қолжетімділігі, цифрлық орта және әлеуметтік институттардың тұрақтылығы әсерінен қалыптасатыны анықталды.
Қазақстандағы есірткі жағдайының заманауи үрдістері анықталды: ол есірткі қылмысының ауыр түрлерінің өсуі, есірткі нарығының кеңеюі мен цифрлануы, сондай-ақ жүйелі мониторингтің және бірыңғай деректер базасының жоқтығынан.
Барлық жастарға арналған әмбебап шараларды, тәуекел топтарымен мақсатты жұмысты және есірткіге байланысты мінез-құлықтың алғашқы белгілерінде ерте араласуды қамтитын көп деңгейлі профилактикалық модель ұсынылады.
Өмірлік дағдыларды дамытуға, өзін-өзі реттеуге және ерте диагностикаға бағытталған бағдарламалардың тиімділігі дәлелденді.
Зерттеу нәтижелері ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің практикалық қызметіне енгізіліп, Қазақстан Республикасында 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу барысында пайдаланылды. Тиімділіктің негізгі шарты ретінде отбасы, білім беру және әлеуметтік институттардың ғылыми негізделген тәсілдерге сүйенген өзара іс-қимылы айқындалды.
