Жаңадан тағайындалған аудандық және оларға теңестірілген прокурорлар үшін біліктілікті арттыру курсы аяқталды

12–15 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында аудандық және оларға теңестірілген прокурор лауазымдарына алғаш рет тағайындалған прокуратура органдары қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Оқыту прокуратура органдарындағы қызметті ұйымдастыру мен басқарудың заманауи тәсілдеріне арналды.

Бағдарлама қадағалау қызметін жетілдіру, басқарушылық шешімдер қабылдау, жанжалдардың алдын алу және дағдарыстық жағдайларда әрекет ету мәселелерін қамтыды. Сондай-ақ тыңдаушылар «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілетудің заманауи тәсілдерін, жасанды интеллект технологияларын және ҚСжСУ талдамалық құралдарын қолдану мүмкіндіктерін зерделеді.

Көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, келіссөз жүргізу дағдыларын жетілдіруге және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше назар аударылды.

Сабақтар Бас прокуратураның қызмет басшыларының қатысуымен интерактивті форматта өтіп, практикалық кейстерді талдау және қызметтік жағдайларды модельдеу арқылы ұйымдастырылды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz