Киберпрокурорларға арналған OSINT бойынша біліктілікті арттыру курсы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы киберпрокурорлар пулына арналған «Құқық қорғау қызметіндегі OSINT» біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Оқыту цифрлық құрамдас бөлігі бар қылмыстарды тергеу бойынша кадрларды көпдеңгейлі даярлау жүйесі аясында іске асырылды.

Қылмыстық қызметтің цифрлық іздерін анықтау және талдау әдістері, сондай-ақ ашық дереккөздермен жұмыс істеудің құралы ретінде OSINT қолдану мәселелері қарастырылды.

Киберқылмыстарды тергеу және электрондық дәлелдемелермен жұмыс істеу үшін цифрлық сауаттылықтың маңызы атап өтілді.

Іздеу жүйелерін, онлайн-платформаларды және әлеуметтік желілерді пайдалану бойынша практикалық тәсілдер, сондай-ақ цифрлық дәлелдемелерді тіркеу және сақтау дағдылары зерделенді.

Практикалық бөлім тергеу жағдайларын модельдеуді және анонимді пайдаланушыларды анықтау құралдарын пысықтауды қамтыды.

Шақырылған сарапшы — 4INT LAB Ltd компаниясының бас директоры Т.А. Кушикбаев — OSINT құралдарын қолдану бойынша практикалық тәжірибесін ұсынды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz