Академияда магистранттарға арналған бинарлық дәріс өтті

2026 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында магистранттарға арналған «Қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары мен жаза институттарының қылмыстық-құқықтық және пенитенциарлық мәселелері» пәні бойынша бинарлық дәріс сабағы өтті.

Дәрісті Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әділет кеңесшісі Филипец Оксана Борисовна жүргізді. Сарапшы ретінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Нормашығармашылық қызметті үйлестіру департаментінің нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қадағалау басқармасының аға прокуроры Алпысбаева Зарина Ерболовна қатысты.

Дәріс барысында жаза институттары мен қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларының арақатынасы, сондай-ақ олардың конституциялық реформа жағдайындағы салааралық реттеу жүйесіндегі орны қарастырылды.

Дәріс тақырыбы магистранттардың қызығушылығын тудырып, қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өз сұрақтарына жан-жақты жауап алды.

Microsoft Teams платформасына қосылу сілтемесі: https://teams.microsoft.com/meet/44986639768333?p=S3Gowajm19JARB9ONZ

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz