2026 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында электрондық төлемдер мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды тергеп-тексеру тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара онлайн форматта Бас прокуратураның, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, Бас әскери прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің өкілдерінің, ғылыми қауымдастық мүшелерінің, сондай-ақ шетелдік сарапшылар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында дропперлер қызметін анықтау және жолын кесу, ақша қаражатын заңсыз аудару схемаларына қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалану мәселелері талқыланды. Қатысушылар цифрлық дәлелдемелерді жинаудың заманауи тәсілдері мен ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін қарастырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қылмыстарды тергеп-тексеру әдістемесін жетілдіру және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру жөнінде практикалық ұсынымдар әзірленді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
