Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің кадрларды кәсіби даярлауды жаңғырту жоспарын іске асыру мәселелері бойынша бірлескен жедел кеңес туралы

2026 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің кадрларды кәсіби даярлауды жаңғырту жоспарын іске асыру мәселелері бойынша бірлескен жедел кеңес өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары, Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары және Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қатысты.

Кеңес Академия ректоры мен Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасы орынбасарының бірлескен төрағалығымен өтіп, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және кәсіби даярлау жүйесін дамытудағы ортақ ұстанымдардың бірлігін айқындады.

Кездесу барысында білім беру үдерістерін жетілдіру, заманауи басқарушылық және оқыту тәжірибелерін енгізу, сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің өзекті міндеттеріне жауап беретін практикалық бағдарланған кадр даярлау моделін дамыту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, ресурстарды ықпалдастыру және білім беру саясатын іске асыру тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша нақты іс-шараларды, жауапкершілік бөлінісін және орындау мерзімдерін көздейтін ведомствоаралық өзара іс-қимылдың егжей-тегжейлі жоспары бекітілді.

Қатысушылар қол жеткізілген келісімдердің іске асырылуы институционалдық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және практикалық нәтижеге бағдарланған заманауи кадр даярлау жүйесін дамытуға маңызды серпін беретінін атап өтті.