2026 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында онлайн форматта «Қылмыстық процесс құқықтық таным нысаны ретінде» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті.
Іс-шара магистранттар, докторанттар және аспиранттардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға бағытталды. Оған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғыз Республикасының жас зерттеушілері мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Семинарды арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры Виталий Хан жүргізді.
Семинар барысында қылмыстық процестің өзекті мәселелері, оның ішінде дәлелдеу проблемалары, habeas corpus халықаралық стандарттары, кәмелетке толмағандарға қатысты істердің ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сондай-ақ пробациялық бақылау мен анықтау қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Қатысушылардың баяндамалары ғылыми пікірталаспен және тәжірибе алмасумен жалғасты. Мұндай іс-шаралардың зерттеушілік мәдениетті дамыту, халықаралық өзара іс-қимылды кеңейту және заңгерлік даярлық сапасын арттырудағы маңызы атап өтілді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz






