2026 жылғы 21 сәуірде «Құқықтық көмек» жобасын және «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Қосшы қаласындағы «Дара» мектеп-лицейінде кездесу өткізді.
Жоғары сынып оқушылары үшін құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған профилактикалық дәріс өткізілді. Кездесу барысында есірткі қылмыстарының, лудоманияның және буллингтің алдын алу мәселелері қамтылып, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды есірткі құралдарының заңсыз айналымына тарту тетіктері мен мұндай құқық бұзушылықтарға қатысқаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.
Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктеріне, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыруға және қоршаған ортаның теріс ықпалына қарсы тұру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті: оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз құқықтарын қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде цифрлық ортада, бойынша практикалық ұсынымдар алды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz

