Академия магистранттары Қарағандыда өткен Халықаралық конференцияның жүлдегерлері атанды

2026 жылғы 9 сәуірде Қарағандыда Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Пленарлық мәжілісте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Мира Мұратқызы Сабиева мен Камила Тілеуқанқызы Кадырова өздерінің ағымдағы зерттеулері мен «InnovationLab» жобасын таныстырды.

«Үздік ғылыми мақала – 2026» байқауының қорытындысы бойынша М.М. Сабиева ІІ орын дипломына, ал К.Т. Кадырова үшінші орын дипломына ие болды.

Конференция жас ғылымның жоғары әлеуетін және оның заңдылықты нығайтудағы маңызды рөлін растады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz