«Заң мен тәртіп»: Қосшыда «Құқықтық көмек» жобасы аясында оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы магистранттарының 8-10 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгімелесуі өтті.

Кездесуді ұйымдастыру «Құқықтық көмек» жобасы аясында жүзеге асырылды және «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталды.

Талқылау кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін, соның ішінде бұзақылыққа, қорқытуға, құмар ойындарға, есірткі құралдарын таратуға және электрондық темекіні (вейптерді) пайдалануға жол бермеу мәселелерін қамтыды.

Қатысушыларға қылмыстық және әкімшілік заңнаманың негізгі ережелері, сондай-ақ құқықтық қорғау тетіктері түсіндірілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті, бұл оқушылардың құқықтық сана деңгейін арттыруға және заңға бағынатын мінез-құлық қағидаттарын нығайтуға ықпал етті.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz