Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D12301 «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Даурен Пархатович Утеповтың «Cандық ақпаратты қылмыстық істер бойынша дәлелдеме ретінде қолданудың теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.kz/?page_id=5891&lang=kk
Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері:
- Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Б.Р. Сембекова;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты Құқықтану кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Б.Х. Төлеубекова.
Ғылыми кеңесшілер:
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты Арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.Ш. Жемпиисов;
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ақпараттық технологиялар факультеті деканының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.К.Жумадиллаева.
Ресми рецензенттер:
- Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының Сот жүйесі және құқық қорғау органдары орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.Қ. Имангалиев;
- Орталық Азия инновациялық университетінің «Құқық» кафедрасының доценті, Түркістан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, заң ғылымдарының кандидаты. Т.Ж. Қаратаев
Қорғау 2026 жылғы 24 сәуірде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94-үй.
Сайт мекенжайы: http://academy-gp.kz/
Zoom конференциясына қосылу:
https://us05web.zoom.us/j/86221457623?pwd=VKwnsPz0XUH1sHFktusg6sIhKPSrMi.1
Құжаттар