Бас прокуратурада ғылыми зерттеу нәтижелерін таныстыру туралы

2026 жылғы 13 наурызда ведомстволық білім беру және «Заң мен тәртіп – тұрақтылық пен прогрестің негізі» идеологемасын іске асыру жылы шеңберінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында «Алқабилердің қатысуымен сотта мемлекеттік айыптауды қолдау» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті.

Зерттеуді Құқық қорғау органдары академиясының ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының авторлық ұжымы жүргізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының заңды күшіне енген үкімдерді бақылау және оларды атқару қызметінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Зерттеу алқабилер институтын жан-жақты зерттеуге, шетелдік тәжірибені талдауға негізделген және мемлекеттік айыптаушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған.

 Дайындалған «Алқабилер сотында мемлекеттік айыптауды қолдау» оқу құралы прокуратура органдарының практикалық қажеттіліктеріне бағытталған және мемлекеттік айыптаушылардың біліктілігін арттыруға арналған. Оның мазмұны теориялық принциптерді, іс жүргізу ережелерін және қолданбалы әдістерді біріктіріп, оны прокурорлардың оқу және практикалық жұмысында пайдалануға мүмкіндік береді.

Ұсынылған жұмыс алқабилер сотында мемлекеттік айыптауды қолдау кезінде туындайтын мәселелерді жан-жақты талдағаны үшін жоғары бағаланды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz