2026 жылғы 20 ақпанда «Мәдениет университеті» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында белгілі қазақстандық теолог, «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлымен Академияның жеке құрамы мен білім алушыларының кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты қызметкерлер мен білім алушылардың рухани-адамгершілік бағдарларын нығайту және тұрақты идеологиялық иммунитетін қалыптастыру болды. Ашық диалог форматында спикер этикалық құндылықтардың маңыздылығына, жауапкершілікке және деструктивті ағымдарға қарсы тұруға баса назар аударды.
Ұйымдастырушылар «Мәдениет университеті» жобасы мәдени-рухани әлеуетті дамытуды көздейтінін, елге танылған қоғам қайраткерлерімен кездесулер кемел азаматтық ұстанымның қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті.
Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды, оның барысында қатысушылар қазіргі қоғамдағы рухани дамудың өзекті мәселелері бойынша сараптамалық түсініктемелер алды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz




