2026 жылғы 19 ақпанда Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының оқытушылары Қазақстан Республикасы көлік, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің қызметкерлеріне «Лудомания мемлекеттік қызметшінің кәсіби сенімділігіне қауіп ретінде» тақырыбында дәріс өткізді.
Пәнаралық тәсіл аясында ойынға тәуелділіктің құқықтық және психологиялық аспектілері қарастырылды. Арнайы заң пәндері кафедрасының доценті Динара Амуртаева мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамалық шектеулерді атап өтті, лудоманияның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен байланысын белгілеп, тәртіптік жауапкершілік шараларын еске салды. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Әсел Қарымсақова тәуелділікті қалыптастыру тетіктерін, оның когнитивтік функциялар мен эмоционалдық жай-күйге әсерін ашып, психологиялық тұрақтылықты сақтау бойынша ұсыныстар берді.
Қатысушылар өзін-өзі диагностикалаудың практикалық құралдарын және ұжымдағы тәуелділік белгілерін анықтау алгоритмдерін алды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында Кадр қауіпсіздігін нығайту және әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу жөніндегі институттың жүйелі жұмысының бір бөлігіне айналды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz



