Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Құқық қорғау органдары академиясында Legal Tech & AI жетекшісі Е.К. Мабиевпен кездесу өтті.
Іс-шара барысында спикер жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып әзірленген құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған заманауи бағдарламалық шешімдерді таныстырды. Ерекше атап өтілген жобалардың қатарында елорда полициясының төрт бөлімшесінде пилоттық режимде іске асырылып жатқан «AI-тергеуші ассистенті» жобасы, сондай-ақ прокуратура органдары қызметкерлерін қолдауға арналған «Мемлекеттік айыптаушы» ақпараттық жүйесі бар.
Сонымен қатар компанияның құқық қолдану практикасы саласында пайдаланатын жасанды интеллекттің түрлі модельдері көрсетілді.
Кездесу қорытындысы бойынша цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастықты дамыту, жасанды интеллект құралдарын білім беру процесіне, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне, сондай-ақ Академияның ғылыми-зерттеу қызметіне енгізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


