«Құқықтық көмек» жобасы аясында оқушыларға құқықтық ағарту жұмыстары

Осы жылдың 17 ақпанында «Құқықтық көмек» жобасын іске асыру және «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Қосшы қаласындағы Р.Қошқарбаев атындағы №1 орта мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шара барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, буллинг пен кибербуллинг, есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен қолданылуы, жастарды дропперлік әрекеттерге тарту, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері қарастырылды. Оқушыларға құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары, өз құқықтарын қорғау тәсілдері және көмекке жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылардың өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауап алуына мүмкіндік берді. Аталған іс-шара жас ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және заңға құрметпен қарау құндылықтарын нығайтуға бағытталған.