2026 жылғы 13 ақпанда Дүниежүзілік балалар қатерлі ісігіне қарсы күрес күні аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты «Өмір үшін жүрек» атты қайырымдылық донорлық акциясының бастамашысы болды.
Іс-шара Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының базасында өтті. Институттың оқытушылары мен білім алушыларыауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсету мақсаты аясында бірікті. Акция барысында ем қабылдап жатқан кішкентай пациенттерді қолдауүшін еріктілер қан тапсырды.
Мұндай бастамалардың өткізілуі Академия ұжымының жоғары әлеуметтік жауапкершілігін, гуманистік құндылықтарын және белсенді азаматтық ұстанымын айқындайды. Донорлық жоба өтеусіз қан тапсыру мәдениетін дамытуға және ерекше қамқорлық пен назарды қажет ететін балаларды қолдауға елеулі үлес қосты.


