Академия Түркістанда прокурорларға арналған көшпелі семинар-тренинг өткізуде

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының «Заң мен тәртіп: кешенді профилактика және прокурордың тиімді басшылық дағдылары» тақырыбындағы көшпелі семинар-тренингі өз жұмысын бастады.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған «Заң мен тәртіп» идеологемасын, сондай-ақ оны ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру аясында ұйымдастырылды. Семинарға Түркістан облысының қала және аудан прокурорлары, Академия өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысуда.

Семинардың ашылуында Академия ректоры Нұрғалым Әбдіров қазіргі заманғы прокурорлық қызмет құқық бұзушылықтардың алдын алуға, тәуекелдерді басқаруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, профилактиканың нәтижелілігі мен басқарушылық шешімдердің сапасы құқық қорғау органдарына деген қоғамдық сенімді қалыптастырады.

Семинар-тренинг бағдарламасы практикалық бағытта құрылып, басшылыққа қатысты кейстерді талдауды, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өңірлік тәжірибелерді зерделеуді, ведомствоаралық өзара іс-қимылды және «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану мәселелерін қамтиды. ЮНИСЕФ сарапшысының қатысуымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жеке бөлім қарастырылған.

Топтық жұмыс пен басқарушылық жағдайларды модельдеу барысында қатысушылар тәуекелдерді ерте анықтау, іс-қимылды үйлестіру және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ тұрақты әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге бағытталған жүйелі шешімдер қабылдау құралдарын пысықтайды.

Түркістандағы семинар прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға бағытталған Академияның көшпелі оқыту іс-шаралары сериясын бастады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz