Мемлекеттік айыптаушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы

2026 жылғы 2-6 ақпан аралығында Құқық қорғау органдары академиясы «Алқабилердің қатысуымен сотта мемлекеттік айыптауды қолдау» тақырыбында мемлекеттік айыптаушыларға арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курстың мақсаты мемлекеттік айыптауды қолдау сапасын арттыру және прокурорлардың алқабилердің қатысуымен өтетін сот процестеріне қатысу бойынша практикалық дағдыларын дамыту болды. Оқыту алқабилерді іріктеу, сот процесіне дайындық және дәлелдемелермен жұмыс істеу кезінде кәсіби құзыреттерді жетілдіруге бағытталды.

Бағдарлама практикалық бағытта құрылып, дәлелдеу мен сендірудің тактикалық тәсілдерін меңгеруді, айыптау сөзін дайындауды, сондай-ақ алқабилерді іріктеу және сот процесіндегі стандартты емес жағдайларға жедел ден қою бойынша квест-форматтағы тренингті қамтыды. Оқытуға судьялар мен Бас прокуратура өкілдері қатысып, курс алқабилердің қатысуымен сот процесін модельдеумен аяқталды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz